Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығы және Діндер үйі – Мәдениеттер диалогы онлайн-кездесу өткізді

Бөлісу

Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Діндер үйі – Мәдениеттер диалогы онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге ҚР Швейцариядағы елшісі Қ.Саржанов, Орталықтың Басқарма басшысы м.а. Д.Есенова, Діндер үйі – Басқарма басшысы Йоханнес Матьяси, Діндер үйі – Мәдениеттер диалогы Басқарма мүшесі, Бахаи ұйымының өкілі Энн Б. Маннен, Діндер үйі – Мәдениеттер диалогы Бас атқарушы директоры Карин Микитюк қатысты.

Кездесу барысында Д.Есенова қатысушыларды Орталық қызметімен таныстырып, Съезд Хатшылығының XXI отырысына қатысушылар қабылдаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі ережелері, Съезд секретариатының XXII отырысы мен Жас діни лидерлер форумына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Өз кезегінде Й. Матьяси мырза 2002 жылы Берн қаласында (Швейцария) негізі қаланған ұйымның мақсаты мен міндеттері туралы айтып өтті. «Діндер үйі – Мәдениеттер диалогы» мәдениетаралық және дінаралық, сонымен қатар қоғамның діни емес топтары мәселелер бағытында шаралар ұйымдастырады.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық диалог бағытында серіктесіп, бірлескен шараларды атқаруға уағдаласты.