А.ж. 22 тамызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында БАҚ өкілдері мен блогерлерге діни тақырыптарды жариялау ерекшеліктері бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне діни мәселелерді дұрыс жариялауда көмек көрсету, сондай-ақ тақырыпты кәсіби түрде жариялау бойынша өз дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беру.
Семинардың негізгі спикері Орталық Басқарма Төрағасының м.а. Д.Б. Есенова өз сөзінде материалдарды дайындау кезінде дұрыс діни терминдер мен ұғымдарды қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, тренинг жұмысына баяндамашылар ретінде ҚР МАМ ДІК, Діни экстремизмнің алдын алуды интернет-кеңістігінде үйлестіру Басқармасының Басшысы Ж.Долиев қатысты. Спикер өз сөзінде БАҚ-та діни тақырыптағы материалдарды жариялаудың нақты кейстеріне тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар діни тақырыптарды дұрыс қамту мәселелері бойынша жетекші сарапшылардан құнды ұсыныстар алды, сондай-ақ өз жұмысында журналистер мен блогерлердің алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылады. Этикалық аспектілерге, бейтараптық пен объективтілік принциптеріне, сондай-ақ діни төзімділікті сақтау және әртүрлі конфессияларды құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға "Qazaqstan", "7 күн Хабар", "Бірінші Еуразия арнасы", "Астана", "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Литер" газеттерінің, "NurMedia", "Qazcontent", ҚР ҚМДБ жетекші жаңалықтар сайттарының блогерлері мен журналистері қатысты. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.