Жаңалықтар

Бүгін елордада Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы м.а. Д.Б. Есенова ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті

Бөлісу

А.ж. 21 тамызында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасының м.а. Д.Б. Есенованың Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің рөлі мен маңызын, сондай-ақ "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасын" ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу жөнінде пікір алмасты. Кездесу аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII-ші отырысына дайындық мәселелері және ынтымақтастықтың одан әрі перспективалары талқыланды.