Жаңалықтар

Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) тағылымдамадан өту туралы

Бөлісу

17-18 шілде аралығында Дінтанулық зерттеулер департаментінің директоры Татьяна Липина мен аналитик-менеджері Дина Иманмұхамед Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) "Methodological Approaches in the Study of Ethno-Religious Relations" («Этнодіни қарым-қатынастарының зерттеудегі әдістемелік тәсілдер») тағылымдамадан өтті.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жанындағы IRCICA – ислам әлемінің тарихын, мәдениетін және өнерін зерттеуге бағытталған халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы. Сонымен қатар, ол мәдени алмасу, мұсылман және басқа қауымдастықтар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату арқылы ИЫҰ ішіндегі және одан тыс елдер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында зерттеулер жүргізеді. 2023 Орталық пен IRCICA арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Тағылымдама бағдарламасы этнодіни өзара іс-қимыл мен діни бірегейлікті талдаудың әдіснамалық тәсілдері, этносаралық қатынастардағы діни бірегейліктің рөлін мәдениетаралық зерттеу, конфессияаралық диалог және оны IRCICA-да іске асыру, сондай-ақ ұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі әлеуметтік жаңғыртудың рөлін және т.б. тақырыптарында дәрістер мен семинарларды қамтыды.

Тағылымдаманың дәрістері мен семинарларын жоғары білікті мамандар, әйгілі ғалымдар жүргізді, олардың ішінде 2014 жылдан 2018 жылға дейін Гамбияның жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігін басқарған IRCICA бас директорының орынбасары, профессор, доктор Abubakar Abdullah Senghor; IRCICA аға кеңесшісі және бас бағдарламалық координаторы, Стамбул университетінің профессоры, Манчестер университеті мен Бирмингем университеттерінің шақырылған профессоры, д-р Sadyk Unay; IRCICA зерттеу және жарияланымдар бөлімінің басшысы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың бірінші вице-ректоры қызметін атқарған профессор, доктор Cengiz Tomar. Тағылымдаманың жетекшісі IRCICA басылымының бағдарламалық координаторы және редакторы, Kunstuniversität Linz PhD  кандидаты Samet Yalcin болды.

Тағылымдама шеңберінде орталық қызметкерлерінің IRCICA-ның ауқымды кітап және мұрағат қорларымен танысуға, сондай-ақ олардың сирек ресурстарымен зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі болды.

Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша сертификаттар берілді.