Жаңалықтар

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дамыту тұжырымдамасын талқылау алаңына айналды

Бөлісу

А.ж. 13-14 наурызында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамалары және «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» туралы дәрістер өтті.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Дәрістердің мақсаты - съездің дамуы мен оның қазіргі әлемдегі дінаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін одан әрі көрсету. Дәріс барысында Орталықтың бас сарапшысы PhD докторы Руслан Ибраев студенттерді, магистранттарды және педагогикалық ұжымын «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының» мазмұнымен және негізгі ережелерімен таныстырды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

«Съезді дамыту парадигмасының негізгі элементі адамзаттың ең өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу үшін діни лидерлердің күш-жігерін біріктіру болып табылады. Съездің миссиясы әлемдік және дәстүрлі діндер қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен құрметті одан әрі нығайту, сондай-ақ бүкіл адамзатқа әділ, қауіпсіз және гүлденген болашақ құруға жәрдемдесу үшін рухани дипломатияның әлеуетін іске асыру болып табылады», - дәріскер атап өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Сондай-ақ, Орталық Съездің басты тұжырымдамаларын түсіндіру жөнінде Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде онлайн дәрістер өткізуді жоспарлағаның атап өткен жөн.

*Анықтама: 2023 жылғы 11 қазанда Астанада өткен Съездің XXI Хатшылығының қатысушылары қабылдаған Тұжырымдама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің одан әрі дамуының 2033 жылға дейінгі жалпы пайымын, миссиясын, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың жаңа парадигмасы шеңберінде алдағы онжылдықта Съездің миссиясы әлемдік және дәстүрлі діндер қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен құрметті одан әрі нығайту, сондай-ақ бүкіл адамзатқа әділ, қауіпсіз және гүлденген болашақ құруға жәрдемдесу үшін рухани дипломатияның әлеуетін іске асыру болып табылады.

Съезд халықаралық ұйымдар, ұлттық үкіметтер, үкіметтік емес ұйымдар, зерттеу құрылымдары өкілдерінің қатысуына арналған ашық дін қайраткерлерінің диалогы мен ынтымақтастығының жаһандық платформасы ретінде дамитын болады.

Съезд үш жылда бір рет өткізіледі. 2003 жылдан бері Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жеті съезі өтті.