24 қазан күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев ұжымды келе жатқан Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады.
Б. Сәрсенбаев орталық қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысын ұйымдастыру және өткізу бойынша атқарған жұмыстары үшін ұжымға алғысын білдірді.
Төраға өз сөзінде, Республика күні Қазақстан үшін басты ұлттық мереке болып табылатынын, елдің өркендеуі үшін дәстүрді, бірлікті, келісімді және ортақ құндылықтарды сақтау маңызды екендігін атап өтті. Салтанатты іс-шара соңында Басқарма Төрағасы Орталық қызметкерлеріне зор денсаулық және одан әрі кәсіби табыс тіледі.