Биыл 7 қыркүйекте Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен «Дін - бейбітшілік үшін» үкіметтік емес ұйымының бас хатшысының орынбасары және бағдарламалық директоры Дипика Сингх арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандум әрбір ұйымның конфессияаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі күш-жігерін жандандыруға бағытталған, сондай-ақ, ақпарат, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру, өзара кездесулер, форумдар мен конференциялар ұйымдастыруды көздейді.
Тараптар конфессияаралық келісімнің жаһандық алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің тарихи маңызы туралы діни бірлестіктер арасында түсіністікті дамытуға да өз үлесін қосуда.
Сонымен қатар, онлайн отырыс барысында Б.Сәрсенбаев 2023 жылдың 10-11 қазанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХІ мерейтойлық отырысына дайындық барысы туралы айтты.
Анықтама: «Бейбітшілік-үшін дін» ұйымы 1970 жылы құрылған. Бұл штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан әлемдегі ең ірі пацифистік жаһандық ұйымдардың бірі.
Ұйымның мақсаты – діни әртүрлілікті құрметтеу, діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастық идеяларын насихаттау. Ол ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде консультативтік мәртебеге ие..