Биыл 1 тамызда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған «Діни бағыттағы ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев өз алғысөзінде еліміздің позитивті имиджін күшейту және жаһандық дінаралық диалог алаңының танымалдылығын арттыру, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін ақпарат алаңында кеңінен насихаттау үшін журналистер мен блогерлердің қолдауы аса маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев 2023 жылдың 10-11 қазанында өтетін Съездің ХХІ мерейтойлық хатшылығына дайындықтың маңыздылығына тоқталды.
Семинарда ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Интернет кеңестікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы басшысы Ж.Долиев «Дін саласындағы негізгі ақпараттық басымдықтар мен қағидаттар» тақырыбында, Орталықтың бас сарапшысы С.Әлімқұлова «Дін саласын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудағы діни терминдерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында, Діндерді зерттеу орталығының журналисі А.Бейсембі «Бұқаралық ақпарат құралдарында діни ақпарат таратудың ерекшелігі» тақырыбында баяндама оқып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Шараға «Qazaqstan», «Хабар», «Еларна» телеарналарының, «Егемен Қазақстан» газетінің, «Massaget», «Toppress», «Taunews» ақпараттық порталдарының журналистері мен блогерлер, Қазақстан Республикасы Католик шіркеуі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз өкілдері қатысты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.