Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Митрополит Александрмен кездесті

Бөлісу

2023 жылдың 23 маусымында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесті.

Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету, өркениетаралық және дінаралық диалогты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен 2023 жылғы 10-11 қазанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XXI мерейтойлық Хатшылығының отырысын өткізуге дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Митрополит Александр дінаралық келісім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға сенім білдіріп, Орталықтың Басқарма Төрағасына алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген дұғалар жинағын сыйға тартты.