Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен кездесті

Бөлісу

2023 жылғы 9 маусымда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевт Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен кездесті. 

Кездесудің мақсаты – 2022 жылы қол қойылған меморандум аясында Н.Назарбаев орталығы мен Мұсылмандардың Ақсақалдар Кеңесі арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзара іс-қимылын нығайту, конфессияаралық және мәдениетаралық саладағы қарым-қатынастарды дамытудың маңызды аспектілерін талқылау.

Атап айтқанда, кездесу барысында тараптар Қазақстанда Мұсылмандар Ақсақалдар Кеңесінің өкілдігін ашудың казіргі жағдайы және Съезд идеялары мен оның қорытынды құжаты – Декларацияны одан әрі ілгерілету мақсатында БАӘ-де бірлескен дөңгелек үстел өткізу туралы мәселелерді қарастырды.

Кездесуді жалғастыра отырып, М.Әбдел Салам жылы қабылдау үшін алғыс айта отырып, ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 12 желтоқсаны аралығында Дубайда БҰҰ-ның COP28 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында бірлескен дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.

Өз кезегінде, Б.Сәрсенбаев Мұхаммед Әбдел Саламға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысушы ретінде Орталықтың бейбіт диалог пен келісімді ілгерілетудегі бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен 2023 жылғы қазанда өтетін Съездің 21-ші мерейтойлық Хатшылығының отырысына дайындық барысымен таныстырды.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ұйымның дінаралық келісім мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастығы туралы келісті.