2023 жылдың 28 наурызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Исламабад Халықаралық ислам университеті ұйымдастырған «Пәкістандағы гендерлік зорлық-зомбылықты азайту және сот төрелігі жүйесінің әлеуетін нығайту» зерттеу жобасының тақырыбы бойынша сарапшылар жұмыс тобының бейнеконференция отырысына қатысты.
Пәкістан қоғамын әлеуметтік қайта құру мақсатында Институт түрлі құқықтық білім беру мекемелері және сот академияларымен бірлесе отырып, Пәкістандағы гендерлік зорлық-зомбылықпен күресумен айналысады және Пәкістан сот жүйесінің әлеуетін арттыру үшін тренингтер өткізеді.
Сарапшылардың жұмыс тобы отырысы аясында Б. Сәрсенбаев сабақтастық пен тепе-теңдік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы гендерлік саясат туралы айтып берді.
«Мемлекеттік және қоғамдық саясатта гендерлік теңдікті нығайту - бәсекеге қабілеттіліктің іргелі факторы ретінде елдегі тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі бастамалары, оның ішінде сайлауалды партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны енгізу, зорлау, педофилия, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту мен атаулы әлеуметтік көмекті бөлудің жаңа механизмін енгізу бастамасы дер кезінде қабылданған шешім болды», - деді Басқарма Төрағасы.
Жалпы, мүдделі тараптардың зерттеулері мен ұсыныстары сараптамалық жұмыс тобына заң үстемдігі субъектілерінің үздік ұлттық және халықаралық тәжірибелеріне сәйкес әлеуетті арттыру бойынша іс-шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.