Жаңалықтар

«Қазмедиа орталығы» алаңында Наурыз мейрамы тойланды

Бөлісу

Биыл 20 наурызда «Қазмедиа орталығы» алаңында Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Қоғамдық келісім» РМУ және Этносаясаттану институтымен бірлесіп, «Бейбітшілік ауылы» киіз үйін дайындап, безендірді.

 «Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз Мейрамымен құттықтаймын! Биылғы жаңа жыл отбасыларыңызға жақсылық пен береке әкелсін, еңбектеріңіз жемісті болсын!», - деді өз құттықтау сөзінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев.

«Бейбітшілік ауылы» киіз үйіне 2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі аясында ашылған Бейбітшілік пен келісім мұражайының құнды жәдігерлері қойылған. Мұражайдың бірегейлігі оның композицияларының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан аумағында бейбітшілік, келісім және өркениеттер мәдениеті құндылықтарының қалыптасу және даму тарихын толық бейнелеуінде.

Наурыз мейрамын тойлау аясында қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары «Тұсау кесу» мен «Жол таңдау» көрсетілді. Шарада «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблінің орындауында сызбызғы, саз-сырнай, прима-қобыз, нар-қобыз, қыл-қобызда «Ыңғайтөк», Құрманғазының «Балбырауын» күйі, «Адай» шығармалары орындалды.