Жаңалықтар

Б. Сәрсенбаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары өтті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 13-17 наурыз аралығында Н.Назарбаев Орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Түркістан облысына конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша жұмыс сапары өтуде.

Сапар аясында Б.Сәрсенбаев құрметті қонақ ретінде мұсылмандар мен христиандар арасындағы көпконфессиялық қатынастарды нығайту бойынша семинарға қатысты. АҚШ-тың "LYN Community" үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған семинарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Б.Сәрсенбаев өзінің құттықтау сөзінде осы іс-шараның маңыздылығына назар аударып, Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Орталығы конфессияаралық диалогты сақтау бойынша елеулі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Съезге қатысушылар қазіргі пандемиядан кейінгі бейбітшілік жағдайында диалог пен сенімді, барлық конфессиялардың теңдігін нығайту өте маңызды екенін бірауыздан мойындады, өйткені олардың негізінде адам өмірінің, бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен сыйластықтың құндылығын бекітуге бағытталған идеалдар жатыр. Мұның бәрі Съездің қорытынды декларациясында көрініс тапты, ол барлық жаһандық халықаралық алаңдардың өзекті күн тәртібіне сәйкес келеді", - деді Б.Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, 15 наурызда Болат Сәрсенбаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы дін саласындағы жұмысты күшейту және рухани құндылықтарды сақтау қажеттілігі туралы тапсырмасының ерекше маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ кездесуде конфессияаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірегей диалог алаңы ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің қорытындылары мен оның декларациясы талқыланды.

Сонымен қатар, 15 наурызда Орталық басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің қорытындысы және оның декларациясы туралы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттеріне арналған дәрісі өтті.

Дәріс аясында Б.Сәрсенбаев студенттерді, магистранттарды, профессор-оқытушылар құрамын бейбіт қатар өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделімен таныстырды. Іс-шараның мақсаты – бірегей диалог алаңы -Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен оның қорытынды Декларациясының негізгі месседждерін аудиторияға жеткізу және өткен халықаралық іс-шараның қорытындыларын ілгерілету болып табылады.

Дәріс барысында Б. Сәрсенбаев қатысушыларды Съезд идеяларын одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді және оның қорытынды құжатын – VII Съезд шеңберінде Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған Декларацияны іске асыру туралы хабардар етті.

Одан әрі университет аумағы бойынша ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пеями Батталаның қатысуымен экскурсия өтті.