20 ақпанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Дүниежүзілік Ислам Лигасының (ДИЛ) Бас хатшысының арнайы өкілі Абдель Азиз бен Ахмад Сарханмен кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Б.Бакиров, ДИЛ Бас Хатшылығы Арнайы өкілі кеңсесінің директоры Фейсал Гази Әл-Хазми, ҚМДБ аппаратының басшысы Г.Мажиев, сондай-ақ АҚД министрлігі, ҚМДБ және Н. Назарбаев Орталығының қызметкерлері қатысты.
Б.Сәрсенбаев Абдель Азиз бен Ахмад Сарханға Съездің XX Хатшылық отырысының қатысушысы ретінде Орталықтың бейбіт диалог пен келісімді ілгерілетудегі бастамаларына көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде А.Сархан Қазақстан тарапына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Н.Назарбаев Орталығының өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі маңызын атап өтті.
Сұхбаттасушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі идеяларын және оның әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған қорытынды құжаты – Декларацияны ілгерілетудің ерекше маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы уағдаласты.