2022 жылдың 15 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабульдинов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - дінтану саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және ағартушылық жұмысты іске асыру, рухани-адамгершілік және азаматтық құндылықтарды дамыту, діндер тарихы мен теориясы, дінтану бойынша ақпарат және жинақталған ғылыми-зерттеу материалдарымен алмасу, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің идеяларын ілгерілету.
Сонымен қатар, тараптар Орталық базасында «Қазақстандағы діндер тарихын зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары» тақырыбы бойынша, сондай-ақ тарих және этнология Институтының алаңында тарихшы ғалымдардың, дінтанушылардың және сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдерінің қатысуымен конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері бойынша жыл сайынғы дөңгелек үстелдер ұйымдастыру туралы келісімге келді.