Ү.ж. 22 қазанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында салтанатты іс-шара өтті, оның барысында орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев ұжымды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
Б. Сәрсенбаев орталық қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және өткізу бойынша атқарған жұмыстары үшін ұжымға алғыс айтып, Съезд Қазақстан үшін ерекше кезеңде өткенін хабарлады. Яғни, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ауқымды демократиялық реформалар жариялағанын, негізгі мемлекеттік институттарды кешенді қайта іске қосқанын және кезектен тыс президенттік институттар жарияланғанын атап өтіп, қараша айының соңында Қазақстанда өтетін сайлау – саяси жүйені трансформациялаудың, әділ Қазақстанды құру жолындағы түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты іске асырудың қорытындысы ретінде анықтады.
«Республика күні - бұл ел үшін аса маңызды күн, өйткені одан мемлекеттілігіміз басталады, дәл осы күні 1990 жылы тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам - Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды», - деп атап өтті Б.Сәрсенбаев.