Прага, 2022 жылғы 8 қыркүйек – «Бейбітшілік пен өзара түсіністік жолындағы конфессияаралық диалог» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен, сондай-ақ, Ұлттық Академиялық кітапханамен (Нұр-Сұлтан қ.) бірлесіп Чех дінбасыларының, ғылыми және сараптамалық топтардың, болу елінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысында Қазақстан тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Дінтану зерттеулері департаментінің директоры Р. Қамарова, өңірлік ҚХА өкілдері, Елшілік дипломаттары, Қазақстан дінбасылары, БАҚ өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шараға Чехия тарапынан Чехия Мәдениет министрлігі Өңірлік мәдениетті дамыту департаментінің директоры Зузана Малкова, ф.ғ.д., ЧР-ның Моңғолиядағы экс-Елшісі Йиржи Шима, Успенск соборы ғибадатханасының басшысы Протоирей Р.Гайдамаченков, Ислам одағының басшысы, Чех Республикасының профессоры Милан Тайб, «Ческе новины» Чех басылымының бас директоры Светозара Плесник, «Прага жаңалықтары» Чех басылымының бас директоры Алеш Флитчер, «Қазақстан Достары клубының, журналистері, қоғам қайраткерлері» өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Р.Қамарова қатысушыларға Орталықтың 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін ұйымдастырудағы дайындық жұмысы туралы айтты, сондай-ақ Съезд әлемдік діндер лидерлері мен ірі саяси қайраткерлерінің жемісті кездесулері мен коммуникациялық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететінін атап өтті. Директор, Съезд Қазақстанның дінаралық диалогтың жаһандық процесіне елеулі үлес қосқанын және халықаралық аренада келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту жөніндегі әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алғанын атап өтті.
Чехия Мәдениет министрлігі Өңірлік мәдениетті дамыту департаментінің директоры Зузана Малкова өз сөзінде: «Қазақстанның конфессияаралық келісімнің бірегей моделіне назар аудару қажет, онсыз, Қазақстан өмірінің барлық салаларында әсерлі табыстар болмас еді.»
Қазақстанның дипломаттары өз сөздерінде конфессияаралық келісім Тәуелсіз Қазақстан тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Чех Республикасы Мұсылмандар қауымы орталық комитеті төрағасының орынбасары В.Санка, Чех Республикасы Успенск соборы ғибадатханасының басшысы Протоирей Р. Гайдамаченко этносаралық келісім мәселелері Қазақстан қоғамының назарында екенін және осының арқасында Республика сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік ерекше атмосферасы орнаған бейбітшілікті қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді жүйелерінің біріне ие болғанын атап өтті.
Іс-шарада сондай-ақ үш конфессияның өкілдері: Ислам, католицизм, православие діндері, сондай-ақ Чех профессоры, танымал теолог Ян Ройт, философия докторы, профессор, белгілі Чех ғалымы Йржи Шима, «Prazsky-magazin.cz» Чех Баспа және интернет басылымының бас директоры Алеш Флитчер, Чехияның БАҚ өкілдері, «Қазақстанның Достар клубының» өкілдері, сондай-ақ танымал блогерлер сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде Қазақстанның бірегейлікті нығайту міндеттерін, дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан рөлін қызығушылықпен талқылады.