Жаңалықтар

Әбу Дабиде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші Съезі талқыланды

Бөлісу

Ү.ж. 29 тамызда ҚР Әбу Дабидегі Елшілігінде БАӘ БАҚ өкілдері және жергілікті сарапшылар үшін брифинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ү.ж. 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші Съезі мәселелерін талқылау.

Сөз басында ҚР БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні екенін атап өтіп, қатысушыларға Қазақстанның антиядролық бастамалары жөнінде баяндап берді.

Сонымен қатар, 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай қатысушыларға Қазақстанның Ата заңы жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.

Елші М.Меңілбеков «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» атты Съез тақырыбы өзектілігіне назар аударып, аталған іс-шара діндер мен мәдениеттер, өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуге бағытталған елімізде биыл өтетін ең маңызды халықаралық іс-шаралардың бірі екенін атап өтті.

Іс-шараға 60 елден 100-ге жуық делегация, соның ішінде ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, буддизм, зороастризм, индуизм өкілдері, олардың қатарында Әл-Азхар Бас имамы Ахмад ат-Тайеб, Рим Папасы Франциск және басқа да діни жетекшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатыны айтылды.

Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар Съез төңірегіндегі мәселелер бойы

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/418778?lang=kk