Жаңалықтар

Сенат Төрағасы Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Бөлісу

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Кездесуде биыл 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы талқыланды.

Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру мәселесіне назар аударып, қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін дәріптеудің маңызды екенін атап өтті. Сенат Төрағасы Қазақстандағы православие өкілдері басқа конфессиялармен қатар қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып отырғанын айтты.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар Съезд Хатшылығы мен Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі арасында сындарлы диалог пен ынтымақтастық одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.

https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/6819