Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында жетекші шетелдік БАҚ өкілдері Н. Назарбаевтың орталығында болды

Бөлісу

Биылғы жылдың 27 сәуірі мен 1 мамыры аралығында ҚР СІМ шетелдік журналистер үшін баспасөз-турын өткізуде.

Баспасөз-туры аясында 29 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығына жетекші халықаралық басылымдардың бас редакторлары, ақпараттық агенттіктердің журналистері келді. Олардың ішінде EU Reporter (Бельгия), Magyar Nemzet (Венгрия), Deutschlandfunk, Deutshe Welle (Германия), EFE (Испания), Israel Hayom (Израиль), Resett.no (Норвегия), Conflits (Франция) сынды ақпарат агенттік өкілдері бар.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы орынбасары Нұрлан Есімов орталықтың негізгі бағыттары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің халықаралық деңгейдегі тұжырымдамалық идеяларын ілгерілету туралы айтып, қонақтарды 2022 жылдың қыркүйегінде өтетін VII Съезге дайындық барысымен таныстырды.

Сонымен қатар, Н.Есімов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Съезд халықаралық аренада келісім мен төзімділік, түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту бойынша әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алғанын атап өтті.

Өз кезегінде, шетелдік журналистер конфессияаралық диалог саласындағы Н.Назарбаев орталығымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін, сондай-ақ халықаралық алаң - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне одан әрі қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында журналистерге Н. Назарбаев орталығының Бейбітшілік және келісім мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.