Жаңалықтар

Наурыз қарсаңында«Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» тақырыбында көрме өтті

Бөлісу

Биылғы жылдың 17 наурызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Астана Суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» тақырыбында көрме өткізді.

Көрменің мақсаты - мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын, толеранттылық қағидаттарын, сондай-ақ қоғамдағы рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтарды ілгерілету.

Көрме экспозициясында У.Исмаилов, Г. Жұрқабаева, Е. Айтуаров, М. Байтенов, Т. Батанов, Б. Арипов, И. Ачилов, Д. Нөгер, С. Ермеков, Ж. Қайрат, А. Сырғабаев, Ә.Байдина, С. Ысқақбек, Н.Қабен, Ж.Сүлейменова, Н. Кикимова, А. Қадырбаева, М.Байшуақова, В.Ли, М.Бакытжан, А. Алпысбаева, Л. Айтуарова сынды белгілі суретшілердің жұмыстары қойылды.

Суретшілер өз жұмыстарында әр түрлі халықтардың өмірін, тұрмысын, мәдениетін, өнерін, салт – дәстүрін, табиғаттың әсемдігі мен ұлылығын, жаңаруды, бірлік пен амандықты бейнелейтін көктем мерекесі-Наурыздың басталуын көрсетті.

Іс-шараға Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е. Оңғаров, Успен кафедралды соборының, Қазақстан Православие Шіркеуінің Астана шіркеу округінің протоиерей Д. Байдек, Нұр-Сұлтандағы әулие Марияның Рим-Католик Архиепархиясының архиепископы Т. Пэта, сондай-ақ Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түркияның, Әзербайжанның, Қырғызстанның және Грузияның Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктері қатысты.

Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бір алаңда түрлі конфессиялар мен этнос өкілдерін біріктіре отырып, біз ортақ күш-жігерімізбен қазақстандық қоғамдастықта бейбітшілік, келісім және ынтымақтастық идеяларын нығайтуға үлес қоса алатынымызды атап өтті: «...қазақтардың бүкіл тарихы-бірігу тарихы. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында біздің еліміз өзінің тарихи дамуындағы маңызды тармақты - жаңа Қазақстанды құруды тапсырғанын атап өтті. Жолдауда айтылған месседждер Қазақстан халқына бірлік Рухын сыйлады».

Көрме барысында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев елордалық Суретшілер одағымен бірлесіп, таяу уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне балалар арасында толеранттылыққа, бейбітшілік пен келісімге деген балалардың көзқарасы тақырыбында конкурс жарияланатынын атап өтті.

«Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» көрмесі Бейбітшілік және келісім сарайының 3 қабаты, «Атриум» залында 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін жалғасады.

Келесі көрмелердің анонстары Орталықтың әлеуметтік желілерінде және www.religions-congress.org сайтында орналастырылады.