Халықаралық орталық пен Еуропалық одақ өкілдігі ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Астана, 2026 жылғы 10 қараша
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай Қазақстандағы Еуропалық одақтың Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар дінаралық диалог, тұрақты даму және жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану мәселелерін, сондай-ақ практикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Гүлсана Қожабай Орталықтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі қызмет бағыттарын таныстырды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің орынбасары, Съезд Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Съезд Хатшылығының XXIV отырысының қорытындыларына, соның ішінде жасанды интеллект этикасы және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі жөніндегі қабылданған құжаттарға ерекше назар аударылды.
Алешка Симкич Еуропалық одақтың экология, цифрлық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық салаларындағы басымдықтары туралы айтып, өзара түсіністікті нығайту мен ортақ құндылықтарды ілгерілетудегі діни көшбасшылардың маңызын атап өтті.
Тараптар діни жастарды экологиялық бастамаларға, соның ішінде Еуропалық одақ қолдайтын EcoDialogue жобасы аясында тарту перспективаларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар Еуропалық комиссияның бейіндік құрылымдарымен байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерделеуге мүдделілік танытты.