Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының Митрополиті, Архиепископ Томаш Пэтпен кездесті

Бөлісу

Биылғы жылдың 6 тамызында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының Митрополиті, Архиепископ Томаш Пэтпен кездесті.

Жұмыс кездесуі барысында Б.Сәрсенбаев Архиепископқа 2021 жылдың 6 қазанында Нұр-Сұлтанда өтетін Съез Хатшылығының кезекті XIX отырысына арналған арнайы шақыру табыстады .

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX  отырысына сіздің жеке қатысуыңыз діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға, өзара түсіністік пен тұрақтылықты жаһандық деңгейде насихаттауға бағытталған ортақ іс одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», - деді Н.Назарбаев Орталығының басшысы.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған 29 жылда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып саналатын Қазақстан католик шіркеуі рухани көшбасшыларының рөлін атап өтті.

Өз кезегінде, Астанадағы Әулие Мария епархиясының Митрополиті, Архиепископ Томас Пэт Съез Хатшылығының XIX отырысына қатысуға ниет білдіре отырып, шақыру үшін үлкен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың ұйытқы болуымен басталған діни форум бүкіл әлемде тиімді және бірегей диалог алаңы болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы архиепископ Томаш Пэтті Съез Хатшылығының XIX отырысына дайындық жұмыстары аясында және оның қорытындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылатын, Шетелдегі 13 дипломатиялық өкілдіктер базасында өтетін дөңгелек үстелдер сериясына қатысуға шақырды.