Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Экономика, қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінің бас есепші

Біліктілік талаптары: Жоғары кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы (кәсіби ұйымның мүшесі болып табылады).
Жұмыс тәжірибесі: қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 5 (бес) жыл.

Лауазымдық міндеттері: Орталықтың бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, Орталық меншігінің сақталуын бақылайды.
Бухгалтерия қызметіне басшылық етеді және қызмет нәтижелері үшін жауап береді. Қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі жұмысты бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін басқа бөлімшелердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес, Орталықтың құрылымы мен қызмет ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып, есеп саясатын қалыптастырады. Шоттардың жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарын), үлгілік нысандары көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясы мен құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді және т.б.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық мекенжай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 26-60-28, электрондық мекенжайы: job@iciid.org

Толығырақ ақпарат алу үшін: https://religions-congress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. https://religions-congress.org/ru/news/vakansii сайтындағы белгіленген нысан бойынша электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу туралы өтініш (№ 1 қосымша);
  2. https://religions-congress.org/ru/news/vakansii сайтындағы белгіленген нысан бойынша түйіндеме (№ 3 қосымша);
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білімді, іскерлік пен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.