БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы
БАС САРАПШЫ
Дінтану зерттеулер департаменті
Орталықтағы жұмыс шарттары мен артықшылықтары
- Ел көлемінде ұлттық деңгейде ауқымды дінтанулық зерттеулерді жүзеге асыратын бірегей талдамалық құрылымда жұмыс істеу;
- Әдіснамадан бастап қорытынды баяндамаға дейінгі талдамалық және жобалық жұмыстың толық циклін жүргізу;
- Қазақстанның барлық өңірлеріне іссапарлар және діни бірлестіктермен, сарапшылармен және жергілікті қауымдастықтармен тікелей коммуникация;
- Бөлімшенің негізгі зерттеушілік позициясы;
- Мықты, жас және амбициясы жоғары команда;
- Тұрақты жалақы;
- Кәсіби зерттеушілік дағдыларды дамыту.
Біліктілік талаптары
- қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр/PhD/ғылым кандидаты/ғылым докторы;
- бөлім қызметінің бейінімен тікелей немесе жанама байланысты 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
- Кешенді талдамалық материалдарды әзірлеу дағдылары;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу;
- Сандық және сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру артықшылық болып саналады.
Лауазымдық міндеттері
- Зерттеу жобалары аясында әдіснамалық және мазмұндық стандарттарды сақтай отырып, дін саласы бойынша кешенді талдамалық жұмыстар жүргізу;
- Ұйымдастырушылық және жобалық қызметті жүзеге асыру (құжаттарды әзірлеу, уәкілетті органмен келісу, бекіту рәсімдері);
- Сыртқы сарапшылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Зерттеу материалдарының таныстырылымына (презентациясына) қатысу.
Жеке қасиеттері
- Талдаушылық ойлау қабілеті және жүйелі тәсіл;
- Жауапкершілік пен өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейі;
- Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті;
- Іскерлік коммуникация және сарапшылармен жұмыс жүргізу дағдылары;
- Іссапарларға шығуға және қатаң мерзімдер жағдайында жұмыс істеуге дайындық;
- Жүктемеге төзімділік және ұқыптылық.