«Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ «Жастар дін іздеу жолында» зерттеуін іске асыру шеңберінде аудио сұхбаттарды транскрипциялау өтеулі қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды.
Міндеттері:
- Транскрипттерді дайындау – 18 (он сегіз) сарапшылық сұхбаттардың және 7 (жеті) фокус-топтық дискуссияның аудиожазбасы.
- Транскрипт анық құрылымдалған, ақпарат сенімді болуы керек.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білетін және транскрипциялау/ұқсас зерттеулерге қатысу тәжірибесі бар гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандар.
Қызметке қойылатын талаптар:
- Жоғары сапалы транскрипттер. Респонденттердің сұрақтарын, мәлімдемелерін, сөйлемдерін, ойларын өткізіп жіберуге немесе аударылған материалдың мағынасын бұрмалауға жол берілмейді.
- Аудиожазба материалдары транскриптке сәйкес болуы керек.
- Транскрипттерді безендіру Тапсырыс беруші Шартқа қол қойғаннан кейін Орындаушыға берген үлгі бойынша жүзеге асырылады. Безендіру келесі талаптарға сай болуы керек: Word мәтіндік редакторында орындалған, өлшемі 12, шрифт Times New Roman. Шеттері: жоғарғы/төменгі – 1,5 см, сол/оң – 2 см, жоларалық интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25. Бірінші мәтін бетінен бастап ортасында нөмірленеді. Мәтінді пішімдеуге, кестелеуге, мәжбүрлеп сызықша қоюға және т.б. рұқсат етілмейді.
- 18 (он сегіз) сарапшылық сұхбаттардың және 7 (жеті) фокус-топтық дискуссияның аудиожазбаларының дайындалған транскрипттері Тапсырыс берушінің барлық талаптарына сай болуы қажет. Мәтін тексерілуі керек, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателер болмауы қажет.
- Мәтін өңдеулер (түзетулер) енгізуге мүмкіндік беретін форматта дайындалуы керек.
Қызмет көрсету мерзімі
- Әрбір сұхбаттың транскриптінің бастапқы нұсқасы Тапсырыс берушіден аудиожазбаны алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде оны Тапсырыс берушіге электронды түрде жауапты қызметкердің электронды поштасына жіберу арқылы немесе электронды тасымалдағышта қолма-қол ұсынылады.
- Тапсырыс берушіден ескертулер алғаннан кейін Орындаушы оларды жояды және түзетілген нұсқасын жібереді.
- Транскрипттің соңғы (Тапсырыс берушімен пысықталған) нұсқасын Орындаушы Тапсырыс берушіге бастапқы нұсқа бойынша барлық ескертулерді ескере отырып, тапсырыс берушіден алғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірмей қолма-қол немесе жауапты қызметкердің электронды поштасына жіберу арқылы ұсынады.
Қызмет бағасы:
- Қызметтің құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, сарапшылық және тереңдетілген сұхбаттың әрбір транскрипті үшін 18 750 (он сегіз мың жеті жүз елу) теңгені, ал фокус-топтық дискуссияның әрбір транскрипті 37 500 (отыз жеті мың бес жүз) теңгені құрайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Түйіндеме
- Дипломдардың көшірмесі
Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.
Байланыс деректері:
Телефон: +7(7172) 266187; +7 776 118 6339
Электрондық пошта: