1972 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.
Алматы мемлекеттік университеті, "Тарих" мамандығы және Еуразия гуманитарлық институты, "Құқықтану" мамандығын бітірген, Әлеуметтік ғылымдар Магистрі
- 1990-1997 жж. - оқушылар үйі үйірмесінің жетекшісі.
- 1998-2000 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы тарих және мұражайтану кафедрасының зертханашысы. Мұхтар Әуезов, араб тілі және шығыс мәдениеті институтының Қазақстан тарихы оқытушысы.
- 2000-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі реформаларды насихаттау, саяси жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
- 2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі, талдау секторының бас сарапшысы.
- 2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері Комитеті басқармасының басшысы.
- 2010-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің бас сарапшысы, талдау және мониторинг басқармасының басшысы.
- 2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Дін істері министрлігі, Дін істері комитетінің өңірлік жұмысты талдау және үйлестіру басқармасының басшысы.
- 2016-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істері комитетінің өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының басшысы.
- 2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитеті өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының басшысы.
- 2019-2020 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының басшысы.
- 2020-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы.
- 03.2022 ж. бастап – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасымен, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік төсбелгілерімен марапатталған.