Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Басқарма

Қожабай Гүлсана Карпекқызы

Басқарма Төрайымы

Гүлсана Қожабай — Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма Төрайымы. Алматы қаласында дүниеге келген.

Аналитика, дипломатия, халықаралық және дінаралық өзара іс-қимыл саласында 20 жылдан астам өтілім тәжірибесі бар.

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Сенат Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР СІМ орталық аппаратында түрлі лауазымда еңбек етіп, «The Diplomatic Herald of Kazakhstan» журналының редакторы болды. Қазақстанды Мысыр мен Швейцариядағы дипломатиялық миссияларда таныстырды. Кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Әлемдік экономика және саясат институтында бастады. ЕҚЫҰ аясында Армениядағы парламенттік сайлауда байқаушы болған.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Саясаттану кафедрасының түлегі. Саяси ғылымдар кандидаты (2008 ж.). Ұлыбританиядағы Лидс университетінде «Жаһандық басқару және дипломатия» мамандығы бойынша Chevening бағдарламасымен магистратураны тәмамдаған. Женева, Вена, Нью-Йорк қалаларындағы БҰҰ құрылымдарында, сондай-ақ, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты базасында тағылымдамадан өткен.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған. II сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.