Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-сараптамалық бағыты: этноәлеуметтану, этносаясаттану, этносаралық қатынастар, этноконфессиялық қатынастар, білім әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы, дін әлеуметтануы, дін антропологиясы, өңірлік әлеуметтану, әлеуметтік институттар мен үдерістер. 

БІЛІМІ

1999 жыл – «Семей» мемлекеттік университеті, гуманитарлық факультет.

2005 жыл – Шығыс Қазақстан гуманитарлық институты, заң факультеті.

2013 жыл – «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті (Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің әлеуметтану факультеті).

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ

2005–2011 жылдар – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің философия және адам дамуы мәселелері кафедрасының оқытушысы.

2011 жыл – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы.

2011–2016 жылдар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

2016–2017 жылдар – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының идеология және ғылыми-талдау жұмысы жөніндегі орынбасары.

2017 жыл – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығы» РММ талдау жұмысы бөлімінің басшысы.

2017–2024 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті.

2019–2020 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дінтану сараптамасы орталығы» РММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.

2020–2023 жылдар – «Н. Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры.

2023–2025 жылдар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры.

МАРАПАТТАРЫ

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2014 жыл);
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі (2015 жыл);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі (2016 жыл);
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі (2025 жыл).