Конфессияаралық келісімді нығайту бағыттарын талқылау мақсатында биылғы жылдың 4 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Болат Сәрсенбаев Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы өзара келісімге қол жеткізуге үміт білдіре отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай шекара проблемалары тек өзара түсіністік пен тату көршілік бейбіт жолмен шешілуі керек деп нақты айтқанын атап өтті.
Кездесуді жалғастыра отырып, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы рөлі мен конфессияаралық қатынас туралы айта отырып, келешек жоспарларымен бөлісті.
Орталық басшысы 2021 жылы өтетін Съез хатшылығының 19-шы отырысына және 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алдағы халықаралық іс-шаралармен таныстырды.
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев өз тарапынан Қазақстанның халықаралық аренадағы бітімгершілік қызметін жоғары бағалады, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қолдау көрсету мақсатында Орталықпен одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Тараптар халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған конфессияаралық диалогты дамыту бойынша белсенді ынтымақтастық туралы уағдаласты.
Кездесу соңында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қырғызстан Елшісін биылғы жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық аясында өтетін «Орталық Азияның 21 ғасырдағы мәдениеттердің көршілігі» халықаралық конференциясына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Бішкекке биылғы жылдың 10-12 мамыр аралығында сапары барысында екіжақты кездесу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету мәселелерін талқылады.