2021 жылдың 30 сәуірінде ZOOM платформасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау және діни сараптама институты «Қазақстандағы діни және сот-діни сараптаманың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинарға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы - Б.Сәрсенбаев, Н.Назарбаев орталығының діни сараптама департаментінің директоры - Э.Бірәлі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бас сарапшысы – Д. Мусина, «Дінтану конгресі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Р.Ақбарова, Тәуелсіз сот сараптамасы және мамандандырылған зерттеулер альянсының жетекшісі – А. Орынтай, Н.Назарбаев орталығының Діни сараптама бөлімінің бас сарапшысы – Ж.Дүйсебаев, Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы- А.Мырзаходжаев, И.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ жоғары заң мектебінің аға оқытушысы - Т.Шағдарова, Н.Назарбаев орталығының Діни сараптама бөлімінің бас сарапшысы - Т.Темірбаев және басқа да жеке сот сарапшылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстандағы сот діни сараптамасының жағдайы мен дамуының өзекті мәселелерін шешуде жан-жақты талқылау және тәжірибе алмасу.
Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы өзінің құттықтау сөзінде Болат Сәрсенбаев азаматтарды діни радикализм идеологиясынан қорғаудағы дінтану мен сот-діни зерттеулердің рөлін атап өтті. «Қазақстан Республикасында діни саладағы тұрақтылықты сақтау және қоғамдағы конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бұл мәселелерді шешуде діни сараптамаға ерекше орын беріледі. Осыған байланысты, біздің Орталықтың маңызды міндеттерінің бірі - діни сипаттағы материалдар бойынша діни сараптама ұйымдастыру және өткізу болып табылатындығын атап өту маңызды», - деді Болат Сәрсенбаев.
Семинар барысында қатысушылар арасында сындарлы пікір алмасулар болды. Сот тәжірибесінде немесе діни ұйымдарды тіркеу кезінде жүргізілген дінтанудың ғылыми және құқықтық мәселелері талқыланып, жұмыстың қоғам үшін маңыздылығы айтылды.
Іс-шара нәтижесінде Н.Назарбаев орталығы атынан семинардың барлық қатысушыларына тиісті сертификаттар жіберіледі.