29 сәуірде Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Юсуф Мустафа Абдельганидің ұйымдастыруымен ифтар өтті.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне арналған ифтар – жұмыстық кешкі ас аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Иордания елшісімен кездесті.
Кездесу барысында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Орталықтың мәдениеттер, діндер және өркениеттер диалогын ілгерілетудегі Орталықтың халықаралық аренадағы қызметі, XIX Хатшылықтың отырысын өткізу, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар және алдағы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін ұйымдастыру туралы айтты.
Болат Сәрсенбаев ынтымақтастық жылдарында Қазақстан мен Иордания сенімді және достық қатынастар құрғанын ерекше атап өтті. Қазақстандық тарап Иордания Королі Абдалла II-нің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуын жадында ұстайды және жоғары бағалайды.
«Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде мен сіздерді Иордания Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін көп күш жұмсады деп сендіре аламын. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз әлемдегі бітімгершілік қызметті дамытуда сенімді серіктестер болып табылады. Осы орайда, Н.Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлемге және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығының алғашқы иегері атанған Король Абдалла II-нің жоғары еңбегі бар екенін атап өткен жөн, деді Орталықтың Басқарма Төрағасы.
Әлемдік конфессияаралық келісімді нығайту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдіре отырып, Иорданияның Қазақстандағы Елшісі Юсуф Мустафа Абделгани Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы К.Тоқаевтың әлемдегі конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың ағымдағы жылдың шілде айында Амман мен Рамаллаға жұмыс сапарын дайындаудың ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілерін талқылады. Атап айтқанда, олар сапар барысында жоспарланған мәселелерге, Н.Назарбаев орталығы мен Иорданияның Корольдік дінаралық зерттеулер институты арасындағы конфессияаралық келісімді нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселелеріне тоқталды. Бұл серіктестік Иордания тарапымен қатынастардың дамуына жаңа серпін беріп, Палестинамен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, іс-шараға Малайзияның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Палестинаның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ливанның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Ирак істері бойынша Қазақстандағы уақытша сенімді өкіл, Кувейт істері бойынша Қазақстандағы уақытша сенімді өкілдер қатысқанын атап өткен абзал.