Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Осло пастор Торппен» белгілі телебағдарламасына қатысты

Бөлісу

Бүгін, 29 сәуір күні, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Норвегияның христиандық кеңесі» ұйымының басшысы, норвегиялық пастор Ян-Оге Торптың «Осло пастор Торппен» авторлық телевизиялық бағдарламасына қатысты.

Телебағдарлама шығарылымының басты тақырыбы Қазақстандағы религиялық төзімділік және еркіндікке арналып, бірнеше қонақтардың, олардың қатарында ҚР Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Ахинжанов, Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің сұхбаттарынан құрылды.

Жоғары құрмет және Қазақстандағы дінаралық диалогты дамыту саласындағы пікір мен тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі үшін шын алғысын білдіре отырып, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев мәдениеттер мен өркениеттердің рухани бірлестігі ісіндегі Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын, сонымен бірге халықаралық аренада Қазақстанды діндер мен өркениеттердің жаһандық диалог орталығы ретінде жылжытудағы Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың жүйелі саясатын жүзеге асырудағы Орталықтың басты мақсаттары мен міндеттерін ерекшеледі.

Сұхбатты жалғастыра, Болат Сәрсенбаев бүкіл әлемдегі діндер арасында рухани келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы әрекетті архитектуралық құралы ретінде танылған дінаралық диалогтың жаһандық алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеясы мен жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен бірге, Орталық Басшысы телебағдарлама авторының назарын құқықтық және институционалдық ождан мен діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге негізделген конфессияаралық және дінаралық келісім мен төзімділіктің қазақстандық моделіне аса аударды.

Сұхбат соңында, Болат Сәрсенбаев оқу мекемелерінің білім бағдарламалары мен дін сұрақтары және мемлекеттік конфессиялық қарым-қатынастарды бейтарап жылжытуды қамтамасыз етудегі Қазақстанның ақпараттық саясатының шегінде мемлекет халқы арасында зайырлылық қағидаларын жылжыту бойынша мемлекеттік шаралар туралы хабардар етті.

Телевизиялық бағдарламаның шығарылымы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған және Норвегияда ғана емес, Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде де TV «Visjon Norge» бірінші спутникалық скандинавиялық христиан телеарнасында көрсетілетін болады.

Еске сала кетейік, Каирдегі «Дін және мәдениеттер диалогы» ислам істері бойынша жоғары кеңесі халықаралық конференциясының 31-ші сессиясының жұмысына ортақ қатысу барысында норвегиялық пастор Ян-Оге Торп Қазақстанға зор қызығушылық білдіріп, Болат Сәрсенбаевты өзінің «Осло пастор Торппен» белгілі телебағдарламасына қатысуға шақырды.