Бүгін, 26 сәуір күні ZOOM платформасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Мариан Абишеваның кездесуі өтті.
Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Орталықтың негізгі бағыттары, халықаралық жобаларды іске асыру және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Орталықтың жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, осы жылы өтетін Cъездің XIX хатшылығына, 2022 жылы өтетін VII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерлі Съезіне дайындық барысы туралы ақпаратпен бөлісті.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың жаһандық бастамасының және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың елдегі және әлемдегі конфессияаралық келісімді қолдауы арқасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі барлық діндер мен ұлт арасындағы диалог пен ынтымақтастықты насихаттайтын бірегей халықаралық алаңға айналды».
Орталық басшысы сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің тиімді және кәсіби аппаратын қалыптастырудағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін ғылыми мектеп қалыптастыруда ерекше рөлін атап өтті.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры Мариан Абишева Орталық жүргізіп жатқан жұмыстардың ауқымдылығына тоқталып, Орталықпен әрі қарайғы өзара серіктестіккке, Елбасы Н.Назарбаевтың идеясы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін және басқа да халықаралық іс-шараларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-зерттеу, ақпарат алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.