Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының негізі салынғанына 2 жыл толуда!

Бөлісу

Құрметті достар!

Сіздермен маңызды жаңалықпен бөлісуге шын жүректен қуаныштымын – 25 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының негізі салынғанына 2 жыл толуда!

2018 жылы VI Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі қатысушыларының Н. Назарбаев орталығын құру идеясының арқасында, бейбітшілік және келісімнің тиімді стратегиясын құру, мәдениеттер мен өркениеттердің рухани бірлігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетуге бағытталған белсенді жұмыс атқарылуда.

Ынтымақтастықтың алдағы орнықты механизмдерін қамтамасыз ету үшін Н. Назарбаев орталығы әлемдік діни бірлестіктер және олардың рухани көшбасшыларымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып, дінаралық және мәдениет аралық диалогтың аясында халықаралық ұйымдар және орталықтармен нәтижелі қарым-қатынастарды орнату және серіктестік меморандумдарына қол қою бойынша қызметін жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевтің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен ағымдағы жылы XIX Съезд Хатшылығын және 2022 жылы кезекті VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарына ерекше назар аударудамыз.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында маңызды халықаралық іс-шараларды, соның ішінде «Peace Talks» пікірталас алаңындағы халықаралық тақырыптық конференциялар мен әлемдік және дәстүрлі діндерге арналған халықаралық фотокөрмелер топтамасын өткізудеміз.

Н. Назарбаев орталығының негізінде Қазақстан мен әлемде діни ахуалдың даму жағдайы мен динамикасына талдау жүргізетін Діни ахуалды талдау және діни сараптама институты қызмет ететіндігін атап өткім келеді.

2018 жылдан бастап жалпы ұлттық тарихи-мәдени мұраға толық қол жетімділік беретін Бейбітшілік және келісім мұражайы ашылған.

Құрметті достар, алдағы бірнеше жылға Н. Назарбаев орталығымен бүкіл әлемдегі конфессияаралық және өркениетаралық даму саласында ауқымды міндеттер қойылған. Біз олардың жоғары жаһандық деңгейде орындалуына ұмтыламыз!

Аталған барлық мақсаттарға жетуде Сіздердің белсенді және жемісті қатысуларыңызға шын жүректен алғысым шексіз!

 

Ізгі ниетпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев