Бүгін, 22 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесу өткізді.
Лиат Вексельман Израиль Мемлекетінің Елшілігі Орталықпен орнатылған қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және осы саладағы әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Лиат Вексельман Болат Сәрсенбаевты жетекші діни ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою және конфессияаралық диалогты дамыту мақсатында Израиль мемлекетіне жұмыс сапарын орындауға ұсыныс жасады.
Өз сөзінде Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалынатын Орталықтың мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде конфессияаралық келісімді қолдауға және дамытуға бағытталған саясатына жеке тоқталды.
Болат Сәрсенбаев Елші Лиат Вексельманды Орталықтың 2021 жылы қазан айында өтетін XIX хатшылықты өткізу жоспарлары және 2022 жылы өтетін VII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық туралы хабардар етті.
Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды талқылап, ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқтала отырып, Қазақстан мен Израильді сенімді серіктестік пен жоғары рухани достық байланыстыратын алға тартты.