Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы және «NUR Media» холдингі алдағы серіктестік бағыттарын талқылады

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және «NUR Media» холдингі өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастары туралы келісті. Бұл туралы бүгін, 12 сәуір күні, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтің холдингтің Бас директоры Болат Кальянбековпен кездесуінде белгілі болды.

Кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіре отырып, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жаһандық конфессияаралық және дінаралық келісім бағыттарындағы халықаралық бастамаларын жылжытуда Орталықтың басты мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды.

Талқылау барысында Болат Сәрсенбаев дінаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мәселелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тұрақты назарында екендігіне тоқталып, сонымен бірге, Қазақстан Президентінің «рухани дипломатия» дамуына қосқан елеулі еңбегін ерекшелеп өтті.

Оған қоса, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы – Съезд Хатшылығының жетекшісі М. Әшімбаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен өткізілетін XIX Съезд Хатшылығына дайындық жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев еліміздің позитивті имиджін күшейту және дінаралық диалог жаһандық алаңының танымалдылығын арттыру мақсатында қазіргі таңда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін кең ақпараттық сүйемелдеуде «NUR Media» холдингінің қолдауы аса маңызды екендігін атады.

Медиа алаңдағы холдингтің беделді ролін ерекшелей, Б. Сәрсенбаев конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделген ортақ ақпараттық-ағартушылық жобаларды, видеороликтерді даярлау мен оларды трансляциялау бойынша идеяларымен бөлісті.

Өз кезегінде, Қазақстанның ең ірі медиа компанияларының басшысы Б.Кальянбеков Н. Назарбаев орталығының мемлекеттік және халықаралық деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыс маңыздылығы мен ауқымдылығына тоқталып, алдағы халықаралық іс-шараларға дайындық жұмыстарының аясында серіктестікке дайындығын атап өтті.

Айта кетсек, қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығы Съезд идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ірі бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.