Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті

Бөлісу

2021 жылдың 18 наурызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлымен кездесті.

Кездесудің мақсаты - ынтымақтастықты нығайту, өркениетаралық диалогты дамыту бастамаларын талқылау, ұйымдар қызметінің басым бағыттарымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шаралар өткізу жоспарларын талқылау.

Болат Сәрсенбаев 2021 жылы өтетін Съезд Хатшылығының XIX отырысына дайындыққа және 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Cъезін өткізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Қазіргі уақытта Орталық Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы - Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі басшылығымен Хатшылықтың XIX отырысын өткізу бойынша белсенді дайындық жұмыстарын бастады», - деді Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өз тарапынан еліміздің мерейлі жылында өтетін Съезд Хатшылығының отырысына және басқа да халықаралық іс-шараларға дайындық шараларын қолдауға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық жайлы, оның ішінде Қазақстандағы діндердің таралу тарихы бойынша экспозиция құру туралы ынтымақтастық меморандумын дайындап, қол қоюға келісті.