Бүгін, 17 наурызда Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Ершат Оңғаровпен, Нұр-сұлтан қаласындағы Успен кафедралды соборының жетекшісі, протоиерей Дмитрий Байдкпен, Нұр-Сұлтандағы Рим-католиктік Әулие Мария архиепископы Томаш Бернард Пэтамен жұмыс кездесуі өтті.
Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев кездесуді ашып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, 30 жыл ішінде конфессияаралық және өркениетаралық толеранттылық саясатын ұстанып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің маңызы туралы айта отырып, бұл беделді алаңның қалыптасуы мен нығаюында Елбасы Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.
Болат Сәрсенбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың дәйекті саясатына ерекше назар аударып, ел Президентінің «рухани дипломатияны» дамыту мен қалыптастыруға қосқан ерекше үлесіне тоқталды.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев алдағы жоспарлары туралы да баяндады. Болат Сәрсенбаевтың айтуынша, Н.Назарбаев орталығы Съездің жұмысшы органы ретінде, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қолдауымен XIX Хатшылыққа, 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне дайындық барысына тоқталды.
Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері өз кезегінде конфессияаралық диалогты Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де күшейту бүкіл адамзат үшін пайдалы және қазіргі әлемде туындайтын сын-қатерлерді бірлесіп шешуге болатын бірегей жол екендігіне сенім білдірді,
«Ватикан мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастардың даму тарихындағы басты оқиға, Рим Папасының Елбасы Н.Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға сапарына биыл 20 жыл толады. Осыған байланысты біз Н.Назарбаев орталығымен бірлескен іс-шара өткізуге деген үлкен үмітімізді бар екенін жеткіземіз»,-деді өз сөзінде Архиепископ Томаш Бернард Пэта.
Кездесу соңында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев кездесудің барлық қатысушыларын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған фотогалереяны тамашалуға шақырды.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта әлемдік және дәстүрлі діндерге арналған басқа да бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.