Жаңалықтар

«Елбасы. Бірлік. Келісім»

Бөлісу

2020 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ететін институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуындағы рөлі мен үлесін көрсету.

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылғаны белгілі.

Көрменің экспозициясы негізгі 3 бөлікке бөлінген (фотосуреттер, кітаптар, соның ішінде архив материалдары, сыйға берілген кәдесыйлар) және мультимедиялық проектордан ҚХА тақырыбына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» идеологиялық платформасына біріктірілген роликтер көрсетілді.

Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаеваның және Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.  

Ұйымдастырушылар:  Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Серіктестер: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы.