Конфессияаралық және мәдениетаралық даму саласындағы халықаралық бастамаларды ілгерілетуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құндылық әлеуетін, өзара құрмет, толеранттылық және дінаралық келісім қағидаттарын кеңінен насихаттауға өзара қызығушылықты басшылыққа ала отырып, Шарджа университетінің Қоғамдық мәселелер жөніндегі вице-президенті – Салах Тахир Мухаммед Шариф аль-Хаж және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы – Алтай Әбибуллаев 2020 жылы 10 желтоқсанда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – өркениетаралық және конфессияаралық диалог пен келісім саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру, білім беру бағдарламалары мен жобалары саласындағы ынтымақтастық, білім беру саясатына, діни қауіпсіздік пен конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу.
Тараптар Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының орталық үйлестіруші органы ретіндегі рөлін мойындай отырып, сонымен қатар Шарджа университетінің аймақтағы білім беру саясатын жетілдірудегі тәжірибесін ескере отырып, тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бірегей жаһандық дінаралық диалог алаңы ретінде тарихи маңызы туралы өзара түсіністіктің дамуына ықпал етуге, бірлескен зерттеулер, талдамалық материалдар дайындауда, сондай-ақ бірлескен қоғамдық-саяси және білім беру іс-шараларын (конференциялар, форумдар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқа салалық іс-шаралар) ұйымдастыруда ынтымақтастықты ілгерілетуге ниетті.
«Біздің кездесуіміз ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында өтетін жалпыұлттық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуде. Біз, қазақстандықтар шейх Зайд Ибн-Сұлтан Әл-Нахаянның Қазақстан Республикасына деген ең жоғары және бауырластық қатынасын, біздің жаңа мемлекеттілігімізді қалыптастыру жолындағы көмегі мен қолдауын әрдайым ерекше құрметпен есте ұстайтын боламыз. Біздің ортақ міндетіміз – ұлы тұлғалар – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Шейх Зайд Ибн-Сұлтан Әл-Нахаян қалыптастырған құндылықтарды насихаттау, нығайту және танымал ету» деп атап өтті Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы А.Әбибуллаев.
Анықтама үшін: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының миссиясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау, халықаралық диалогты ілгерілету бойынша жаңа бастамаларды дайындау.
Шарда Университеті 1997 жылы Шарджа әмірлігінің регенті, шейх Сұлтан бин Мұхаммед әл-Касими нұсқауымен құрылды, ол кісі сонымен бірге университеттің Президенті және Басқарма Төрағасы болып табылады.
Бүгінде Шарда Университеті – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ағарту, мәдениет және білім беру саласындағы ең ірі халықаралық орталық. Университеттің негізгі қағидаттары халықаралық көзқарас пен әр түрлі мәдениетті адамдарға құрметпен қарауды насихаттау болып табылады.
Университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары жан-жақты және көпсалалы негізге ие, халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған және бүкіл әлемнің ғалымдары мен сарапшыларын тартуға арналған. Қазіргі уақытта Университеттің әлемнің 30-дан астам жетекші академиялық мектептерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық және серіктестік келісімдері бар.