Жаңалықтар

Әлемдік жетекші ақыл-ой орталықтарының өкілдері (think tanks) жаһандану, дін және қазіргі әлемдегі диалог мәселелерін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының алаңында талқылайтын болады

Бөлісу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2020 жылдың 10 желтоқсанында «Ғаламдану, дін, диалог» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтеді.

Халықаралық конференцияның мақсаты - қоғамдардың қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етудегі заманауи жаһандану үдерістерін, мәдениетаралық және дінаралық диалогты талқылау, әлемдегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы діни және ғылыми сарапшылар қауымдастығының рөлін қарастыру.

Конференцияға әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен институттарының, Ұлыбритания, Ватикан, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Ресей және тағы басқа халықаралық ұйымдарының шетелдік ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері мен сарапшылары, Халықаралық қазақ-түрік университеті Қ.А. Яссауи, Назарбаев Университеті, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысады.

Конференция басталуы: 15.00  (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Конференция  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Орталықтың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирге сілтемелер:

Facebook: https://www.facebook.com/NNCIICD

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UC4TxH8aTvQRGs95_x7B8WRw