Жаңалықтар

«Рухани келісім - бейбітшілік негізі»

Бөлісу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рухани келісім күні мен Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығына орай «Рухани келісім — бейбітшілік негізі» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы және «Мәдениет арқылы әлем» Халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.

Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы – Алтай Әбибуллаев, «Мәдениет арқылы әлем» Халықаралық қауымдастығының президенті – Төлеген Мұхамеджанов, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Ресей, АҚШ, Үндістан, Австрия, Швейцария, Германия, Ливан, Қырғыз Республикасының халықаралық сарапшылары қатысты.

Конференцияның мақсаты толеранттылық, қазақстандық қоғамда және жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үшін рухани келісім идеяларын ілгерілету, азаматтарды ортақ рухани және адамгершілік құндылықтар айналасында біріктіру болды.

Конференция барысында қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, сондай-ақ елімізде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан рөлін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Рухани келісім күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматы қаласында Дүниежүзілік Рухани келісім конгресінің бірінші сессиясы 1992 жылдан бастап атап өтіле бастады.

Өткізілген конгрестің қорытынды құжаты манифест болды, онда кездесуге қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні - жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий, татуласуды іздеу, жақындарына мейірімділік пен көмек күні деп жариялауға шақырды.

 baq.kz