«Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі». Бүгін елордада осындай тақырыппен халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кетейік, 18 қазан – Рухани келісім күні. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, діні басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлт пен ұлысты біріктіріп, татулықтың туын желбіреткеннің арқасында еліміз өркендеді. Ілгері қадам басып келеді. Шараға қатысушылар осы төңіректе ойларын өрбітті. Халықаралық деңгейдегі жиында өзге мемлекеттердің өкілдері біздегі «тұрақтылық моделін» жоғары бағалады.
www.24.kz
Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі: елордада халықаралық конференция өтті
Бөлісу