Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Пандемия және дін

Бөлісу

Биылғы жылдың 24 қыркүйек күні Конфессияаралық жәнеөркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында
«Пандемия жағдайындағы конфессияларалық және өркениетаралық диалог»
тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтеді. Онлайн шараға
Ватикан, Ұлыбритания, Бельгия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Үндістан, Пәкістан,
Түркия, Әзірбайжан елдерінен халықаралық жетекші сарапшылар, сонымен
қатар, діни бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан діни бірлестіктерінің кеңесі
өкілдері қатысады.
Онлайн-конференцияның мақсаты - пандемия кезіндегі әлемнің өзекті
мәселелері туралы пікір алмасу, конфессияаралық диалогты нығайту және
дамыту, сондай-ақ, пандемия жағдайында бітімгершілік, толеранттылық,
бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау болып табылады.