Жаңалықтар

Марат Әзілханов Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының өкілдерімен кездесті.

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ жанындағы Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының директоры және қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайы мен бағыттары, Қазақстан Республикасындағы діни және дінтану білімінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары және дінтану сараптамасын жетілдіру жолдары туралы мәселелер талқыланды.

Е. Байбол дін саласындағы уәкілетті ЖАО үшін діни ахуалға мониторинг жүргізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және дінтану сараптамалары қорытындыларының интерактивті картасын жасау бойынша Институттың алдағы жоспарлары туралы мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Институт «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ жанынан 2020 жылдың 26 мамырында құрылды, институттың негізгі міндеттері кешенді дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету, діни ахуалды зерделеу және талдау, дін саласында сапалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта Институт толығымен құрылды, академиялық және ғылыми дәрежелері бар білікті кадрлармен қамтамасыз етілді.

Кездесу қорытындысы бойынша М. Әзілханов институт жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар нақты міндеттер қойды.