Аллаһ Тағала айтулы мерекеде елімізге, халқымызға қуаныш пен берекесін берсін!
Осы сәтті пайдалана отырып, Мұсылман ақсақалдар Кеңесі мен Конфессияралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы арасында орныққан әрі ортақ мақсаттарға негізделген қарым-қатынастың жоғары дәрежеде екенін тағы бір ескергім келеді. Осыған байланысты адамзаттың игілігін көздеп, бүкіл әлемде халықтың тату-тәтті ғұмыр кешуін қамтамасыз ететін ортақ жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз деген үміттемін.
Мұсылман ақсақалдар Кеңесінің Бас Хатшысы Сұлтан Файсал ар-Румейси