Жаңалықтар

18-20 мамырда Душанбе қаласында ИКҰ-ның 37-ші сессиясы өтеді

Бөлісу

Бүгінгі таңда Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-мемлекеттер өкілдерінің 30-ға жуығы Душанбеде үстіміздегі жылдың мамырының 18-інен 20-сына дейін өтетін ИКҰ–ның Сыртқы істер министрлер кеңесінің 37-ші сессиясындағы өздерінің қатысуын бекітті.

Тәжікстанның сыртқы саяси ведомствосы өкілінің айтуы бойынша, кейбір ИКҰ-на мүше-мемлекеттерден Душанбе қаласына әуе қатынасының қиындықтарын ескере отырып, сессияның ашылуы қарсаңында Джидда және Дубай қалаларынан ТР-ның астанасына чартерлік әуе сапар ұйымдастырылатын болады деп «АзияПлюс» агенттігі хабарлайды.

«Сессия өтетін отырыс залында намаз оқуға арналған бөлмелер ұйымдастырылады», - СІМ-дегі дерекнама белгілеп айтты.

Тәжікстанда алғаш рет өтетін сессия барысында СІМ ақпараты бойынша саяси, экономикалық мәселелерді және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. «Сессияның ашылатын күні қатысушылар алдында ТР-ның президенті Эмомали Рахмон сөз сөйлейді деп күтілуде», - деп ақпарат көзі атап айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ИКҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті сессиясын тәжік астанасында өткізу туралы шешім өткен жылдың мамырында Дамаскіде 36-шы сессия қорытындылары бойынша қабылданған.

Ислам конференциясы Ұйымының 1969 жылдың қыркүйегінде Рабатта (Марокко) мұсылман елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында негізі қаланған.

Қазіргі уақытта ИКҰ мүшелерінің қатарына 57 мемлекет кіреді. Сондай-ақ, ИКҰ жанындағы байқаушы мәртебесі бар. Тәжікстан ИКҰ-на 1992 жылы қабылданды. Ресей осы ұйымда 2005 жылдан бастап байқаушы мәртебесіне ие.