Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Ү.ж. 13-14 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтеді.

Отырысқа түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар көшбасшыларының өкілдері және танымал теолог ғалымдар қатысады.

Жиын барысында Діни лидерлер Кеңесінің Тұжырымдамасын талқылау жоспарланған. 2009 жылғы шілде айында Қазақстан елордасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев осы Кеңесті құру туралы бастаманы көтергені белгілі.

Сонымен қатар, Жұмыс тобының мүшелері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті оныншы отырысының күн тәртібі мен өткізу мерзімдері жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруды көздеп отыр.