Жаңалықтар

Қазақстандағы митрополиттік округтың басы Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр православиелік және мұсылман республикалары арасындағы ынтымақтастық нығая түсетіндігіне сенімді

Бөлісу

27.11.2010 – Қазақстандағы митрополиттік округтың басы Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр православиелік және мұсылман республикалары арасындағы ынтымақтастық нығая түсетіндігіне сенімді. «Православиеліктер мен мұсылман бауырлары арасындағы ынтымақтастық бүкіл қазақстандық қоғамның игілігіне дамиды әрі нығаяды», - деп митрополиттің Ислам университетінің ректоры Мұхаммед Хусейн Алсабековке «Қазақ діни әдебиеті» тақырыбына докторлық диссертацияны үздік қорғағаны үшін жолдаған құттықтауында айтылады.

Митрополиттік округтың баспасөз қызметі құттықтау мәтінін жұма күні жариялады.

Митрополит Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «кез-келген дінге еркін сену мүмкіндігін беретін саясатты жүргізгені үшін» өз алғысын білдіреді.

Ол экстремизм әрекетін және жалған діни секталардың әрекетін тамырымен жоюға қатысты мәселелерде «Қазақстанның православиелік шіркеуі белсенді түрде ислам дін басыларының өкілдерімен ынтымақтастық орнатқанын» атап айтты.

Митрополит Қазақстандағы тұңғыш православиелік діни семинария студенттерінің сабақ кезінде қазақ әдебиеті классиктарының шығармаларымен танысады, мемлекеттік тілді үйренеді, қазақ музыкасын тыңдайды және ел тарихын оқитынын өз сұхбатында айтты.